Кузбасс қаласында түнгі уақытта мотоциклмен жүруге тыйым салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев Кузбастың ірі қалаларын «мотоциклдердің дыбысынан» арылтуға ниетті.

Өңір әкімшілігінің баспасөз қызметінде атап өткендей, Қузбасс қалаларының, әсіресе Кемерово мен Новокузнецкінің тұрғындары түнгі уақытта жүретін мотоциклдердің шуына жиі шағымданады. Сондықтан Төлеев облыстық  парламент спикері мен өңір полициясының басшысына шағымдар көп түскен учаскелерде түнгі уақытта мотоциклдердің қозғалысын шектеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп жазды рosbalt.ru.

«Заңнамалық бастама азаматтардың тыныштыққа деген құқығын қорғауы, әсіресе түнгі уақытта және дыбыстық-жылдамдық режимін бұзатын жүргізушілерден қорғауы тиіс», - деді губернатор.