Күзде Астанада Қазақстан және Мажарстан стратегиялық кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзде Астанада Қазақстан және Мажарстан стратегиялық кеңесінің отырысы ұйымдастырылады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Венгриядағы, Македониядағы және Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы Нұрбах Рүстемов мәлім етті.

Айта кетейік, 2014 жылдың маусымында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Мажарстанға сапары барысында стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойылды. Ал 2015 жылдың сәуірінде Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында қазақстандық-мажарлық стратегиялық кеңес құрылды.

«Бізде реттелмеген проблемалар жоқ. Жалпы, қатыныстарымызда ешқандай да проблемалар байқалмайды. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымдар сәйкес келіп отыр және халықаралық аренада біз бір-біріміздің бастамаларымызды қолдаймыз», - деп тоқталды Н. Рүстемов.

Атап айтқанда, екі елдің арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 23 наурызында ортатылды. 1993 жылдың наурызында бұл елдің елшілігі Қазақстанда, ал 1993 қыркүйегінде Қазақстанның елшілігі Мажарстанда ашылды.