Күздің алғашқы күндері ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1-3 қыркүйек аралығында ел аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күздің алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фон 23...36 градус шамасында болады.

Аптаның ортасында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Найзағаймен бірге жауын-шашын болады, екпінді жел соғады. Бұршақ түсіп, ауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік жартысында 17...28 градусқа дейін суытады.