Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз орталығының жетекшісі Жанқозы Нәкішев хабарлады.
Брифинг барысында апат салдарын жоюға қатысты барлық мәселелерді жедел түрде шешу үшін құрылған штабты басқарған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов оқиға жағдайын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, үйіндінің мөлшері 30 метр, газдың шығуы жоғары деңгейде қалып отыр.
Бауыржан Смағұлов алдын ала болжамды жария етті. «Бұл локальді шығарынды болған, тау жынысында газ көбігі болған», - деді облыс әкімінің орынбасары.