Күзет ұйымдары қауымдастығы мен Ішкі істер министрлігі мемлекеттік емес күзет құрылымдары арасындағы үздіктерді анықтады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығы мен Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған күзет құрылымдары арасындағы республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңімпаздар Алматы қаласының жеке күзет құрылымдары өкілдерінің мәжілісінде марапатталды. Салтанатты шараға  қалалық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генарал-майоры  Ерлан Тұрғымбаев пен  ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының президенті Болат Баекенов  қатысты. Онда Б. Баекенов  байқау жеңімпазы  ретінде Қазкоммерцбанктің күзет және инкассациясы басқармасы бастығының орынбасары Сергей Улитинге арнайы дипломды табыс етті. Онда банктің күзет қызметінің техникалық жарақталуы, қарулануы, кәсіби дайындық жүйесіндегі күзетшілерді оқытуы жоғары деңгейде екендігі атап көрсетілген.

 Бұл басқасу кезінде сондай-ақ       ішкі істер департаменті тарапынан да күзет құрылымдарының бірқатар үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар тапсырылды.