«Терроризмге қатысты нысандарды қорғау жөніндегі заң жобасын жетілдіру аясында, күзет ұйымдары өздері күзететін нысанды терроризмнен қорғауға міндетті субьектілердің қатарына қосылады. Терроризмге қарсы заңнаманы орындаудан жалтарса, ол күзет ұйымының қызметі тоқтатылады»,-деп хабарлады Үкімет отырысында баяндама жасаған В.Жұмақанов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы алты кодекс пен бірқатар бағыттағы 18 заңға түзету енгізуді көздейді.