37 жастағы күзетші Роберт Набабан жұмыстан қайтарда екі адамның жолдан өтуіне кедергі болып жатқан үлкен жыланды көреді. Жеті метрлік жыланмен айқасқа кіріседі. Бар күшін салған Роберт жыланды жеңеді, бірақ өзінің қолын қатты жарақаттап алады.
Оқиға Индонезияның Риау провинциясында болған. Ал өлтірілген жыланды жергілікті тұрғындар қыстақ маңына іліп қойған.
Өлген жыланның суреттерін Фейсбукке Роберттің жұбайы Рисдавати салған.