Күзетшілер Неймарды құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бір жанкүйері команда шабуылшысы Неймарды құшақтауға әрекеттенген, бірақ оны футболшының күзетшілері тоқтатты.

Видео YouTube-те - sntv - inside every story арнасында жарияланды.

Команда автобустан түсіп, өздері орналасатын отельге бар жатқан кезде фанаттардың бірі «Барселона» шабуылшысына жолындағыларды қаға-маға тұра ұмтылады. Ол Неймарды қуып жетіп, оны құшақтап үлгерді. Бірақ күзетшілер  қонақ үйге дейін атақты футболшының ізінен қалмай келген әлгі жанды сүйреп әкетті.