АСТАНА. KAZINFORM — Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Отандастарымыз «жылдамдық» бағдарламасында сынға түсті.
Құрама сапында ең үздік нәтижені Дамир Тоқтаров көрсетті. Ол 13-орынға тұрақтады. Ал Ришат Хайбуллин 14-орын, Әмір Маймұратов 26-орын, Рашид Хайбуллин 35-орын, Әлішер Мұрат 50-орынға табан тіреді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Тамара Улжабаева 35-орын, Анна Баларшина 42-орын, Арина Новицкая 50-орыннан көрінді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ерлер командасы таеквондодан әлем кубогының күміс жүлдегері атанғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.