Құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласындағы Skala climbing gym спорт кешенінде ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған ел біріншілігіне еліміздің 6 өңірінен 28 спортшы қатысып, бақ сынауда.
Бүгін ересектер арасында үздіктер анықталды. Енді ертең спортшылар жастар, жасөспірімдер санатында сынға түседі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Жылдамдық, ерлер:
1-орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2-орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
3-орын - Антон Зимин (Алматы қ.)
Жылдамдық, әйелдер:
1-орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2-орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3-орын - Анна Денисова (СҚО)
Қиындық, ерлер:
1-орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2-орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3-орын - Андрей Гизбрехт (Алматы қ.)
Қиындық, әйелдер:
1-орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2-орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3-орын - Анна Денисова (СҚО)
Көпсайыс, ерлер:
1-орын - Мейірман Сағынтай (Астана қаласы)
2-орын - Иван Николаев (Алматы қ.)
3-орын - Мұхаммед Бейсенов (СҚО)
Көпсайыс, әйелдер:
1-орын - Полина Аубакирова (Алматы қ.)
2-орын - Елена Синяева (Алматы қ.)
3-орын - Анна Денисова (СҚО)
Сонымен қатар ересектер арасында командалық есепте Астана құрамасы көш бастады. Алматы қаласының құрамасы екінші орыннан көрінсе, Солтүстік Қазақстан облысы үздік үштікті түйіндеді. Чемпионат 5 наурызға дейін жалғасады.