Құзға өрмелеуші Ришат Хайбуллин Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Ришат Хайбуллин 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күндеріЖапонияның Хатиодзи қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты өтіпжатыр. Көпсайыстан іріктеу сынына әлем кубогы кезеңдерінде мейілінше жоғарыұпай жинаған 20 спортшы қатысқан болатын. Финалға жолдамаалған жеті спортшы Олимпиада нормативін орындады. Ал бір лицензия автоматтытүрде Олимпиадақожайыны саналатын Жапония спортшысына беріледі. Әлем чемпионатыныңкөпсайыс финалына төрт жапондық спортшы өтті. Бұл Ришат Хайбуллиннің Олимпиаданормативін орындағанын растайды. Өйткені, бір елден екі спортшы ғана 2020 жылғыОлимпиадаға қатыса алады.

«Іріктеу жүйесібойынша, Олимпиаданың жеті жолдамасы әлем чемпионатында ойнатылды. Албір лицензия құрлық додасында беріледі. Сондай-ақ, желтоқсан айында лицензиялықтурнир өтеді. Ришаттың көпсайыстан алғашқы жиырмалыққа енетініне сенімдіболдым. Хайбуллин 20 спортшының арасына 14-ші нәтижемен өтті. Сондай-ақ,іріктеуге 39 елден 83 спортшы қатысқан болатын. Келесі кезеңге өткенспортшылардың аяқ алысын бақылаған соң, Ришаттың Олимпиада нормативін орындаумүмкіндігі бар екенін түсіндік. Ришат «жылдамдық» бойынша Қазақстанның жаңарекордын орнатты – 5, 863 секунд. Бұл оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді»,- дейді команданың бас бапкері Сәуле Ысқақова.

Айта кетелік,спорттық құзға өрмелеуден Токиода алғаш рет Олимпиада жүлдесі таратылады. 2016жылы өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің Сессиясында аталған спорт түріОлимпиада бағдарламасына енді.

Бүгінге дейін #TEAMKZспортшылары 11 лицензия жеңіп алды. Атап айтар болсақ, жүзуден Дмитрий Баландин(100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова менГеоргий Шейко, велоспорттан Евгений Гидич, садақ атудан Қазақстан құрамасы(жекелей сынға Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаев қатысады),спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин және ашық суда жүзуден ВиталийХудяков Олимпиадаға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар