«Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде дизель отынына деген қажеттілік толықтай өтелді. Бұл жұмыстарды іске асыру кезеңінде акциз мөлшерлемесін төмендету туралы Үкіметтің шешімі дизель отынының бағасын 123 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді», - деді Айтуғанов Үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта алдағы егін орағы науқанына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынын жеткізу көлемі Энергетика министрлігімен келісілуде.
ҚР АШМ мәліметінше, биыл еліміздегі егіс алқабының жалпы ауданы 22,5 млн. гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 650 мың гектарға артық. Егін егу жұмыстарын әртараптандыру аясында сұранысы жоғары дақылдарды егетін алқаптар 1 млн 348 мың гектарға ұлғайтылды.