Күзгі жиын-терім науқанына 23 млрд. теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды - «ҚазАгро»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемгі егістік жұмыстарын және күзгі жиын-термге 23,4 млрд. теңге сомаға 1971 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Бұл туралы бүгін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлім етті.

«Республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын техникамен жабдықтауға ұлттық холдинг 30,6 млрд. теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Шаруалардың қажетті ауыл шаруашылы техникаларын сатып алуларына көмек беру үшін холдин құрылымындағы «ҚазАгроФинанс» АҚ-ы лизинг және несиелеу сынды тетіктерді қолдануда. Бүгінгі таңда көктемгі егістік жұмыстарын және күзгі жиын-терімге 23,4 млрд. теңге сомаға 1971 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды», - деді ол.

Ағымдағы жылдың 14 тамызы күнгі жағдай бойынша холдингтің компаниялар тобымен 2014 жылғы көктемгі егіс және астық жинау науқаны жұмыстары аясында 30,1 млрд. теңгенің 3 577 өтінімі мақұлданды, Оның 29,2 млрд. теңгесіне 3 504 өтінім қаржыландырылды.

Қ.Айтуғановтың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы холдинг шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды дамытуға айрықша назар аударып отыр. Соның есебінен биыл өтінімдер саны арта түскен.