Құжат тексеріп жатқан полиция лейтенантын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Мәскеудің оңтүстік шығысында өтіп бара жатқан адамды құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан полиция лейтенантын өлтіріп кетті.

«Сағат 19:10 шамасында Марьинский саябағы көшесінде астананың Оңтүстік Шығыс округы бойынша ІІБ патрульдік қызметі құжаттарды тексеру үшін бір азаматты тоқтатқан. Ол күтпеген жерден белгісіз қарудан полиция лейтенантын атып, ізін жасырған»,-деп мәлім етті Мәскеу бойынша ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Андрей Галиакберов.

Зардап шеккен полиция қызметкері ауруханаға жеткізілгенімен алған ауыр жарақаты салдарынан көз жұмды.

ІІМ мәлімдеуінше, полиция қызметкеріне шабуыл жасауға күдікті ұсталған. Фото: Илья Питалев / РИА Новости