«Қаланың орталық бөлігінде жергілікті рейд жүргізілді. Барлығы 40 шетелдік ұсталды, оның көпшілігінде жеке басын растайтын құжаттары жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар — көршілес мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Африка құрлығындағы елдердің азаматтары. Ұсталғандардың жеке басы толық анықталғанша олар қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Оларға қатысты Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы материалдар жиналады», — деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланғанын жазған едік.
Сондай-ақ Алматыда заңсыз курьерлік қызметпен айналысып келген шетел азаматтары ұсталды.