«Барлық жүргізушілер өзімен бірге жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін, техникалық паспортын, жол жүру парағын және басқа да түрлі құжаттарын алып жүреді. Адамдар құжаттарын тіпті үйіне қалдырып кетсе де жазалайды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті ұсынған деректерге сәйкес, осы жылдың 11 айының өзінде ғана құжаттарын ұмытып кеткен 80 мыңға жуық азамат жазаға тартылған.
«Үкімет таяу уақыттың ішінде бұл проблемаға қатысты мән-жайды анықтауға және қажет болған жағдайда заңнамалық актілерге өзгертулер енгізуге міндетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.