Құзырлы агенттік суық су бағасының көтерілу себептерін түсіндірді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қаңтардан бастап суық судың тарифі Қазақстанның 5 қаласында өзгерді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Агенттік төрағасының атап өткеніндей, осы өзгерістерден кейін болашақта суық судың бағасы көтерілмейтін болады. Мысалы, оның сөзіне қарағанда, есептеу аспабы бар тұтынушылар үшін Тараз қаласында 1000 литр үшін 2 теңге 27 тиынға, Зайсан қаласында 1000 литр үшін 25,96 теңгеге көтерілген. «Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасында суға тариф белгілейтін жаңа тетіктерді енгізу жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1779 қаулысын орындау үшін енгізілді. Осы Кешенді жоспарды іске асыру 1000 литр судың және кәріздің шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді және алдағы уақытта тарифтердің өсуіне жол бермейді», - деп атап өтті ол.