«Елбасы туралы Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін Назарбаев қоры мен мүліктеріне қатысты шаралар қабылдана ма?» деп сұрады журналистер.
Министрдің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың ендігі мәртебесі экс-президент болатындықтан ол Президент туралы заңмен қорғалады.
Бірақ аталған заңда экс-президенттердің мүлкіне қол сұқпау кепілдігі жоқ.
«Президент туралы конституциялық заңда экс-президенттер үшін ондай кепілдіктер көзделмеген. Егер құқық қорғау органдары мүлік заңсыз рәсімделген деп мойындаса, заңдық шаралар қаралады», - деді Азамат Есқараев.