Оның айтуынша, бүгінгі күні квазимемлекеттік секторды тиімді деңгейде қамтуына жемқорлық кедергі келтіріп отыр.
«Бұған қоса, мемлекеттік аппаратпен салыстырғанда оның салдарының ауқымы шағын емес. Қылмыстық статистика бұл саладағы жемқорлық құқық бұзушылықтар санының арта түскендігіне дәлел болады. Егерде 2016 жылы 137 қылмыс тіркелсе, 2017 жылдың тек 4 айының қорытындысында ғана 51 қылмыс анықталып отыр немесе өсім 1,5 есе», - деді ол.
Агенттік басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, қылмыстық статистикаға сәйкес тіркелген барлық жемқорлық қызметтердің 55 пайызы сатып алулар аясында жасалады екен.
«Дегенмен оның квазимемлекеттік сектордағы көлемі сарапшылардың бағалауынша мемлекеттік сатып алулардан 3-тен 5 есеге дейін асып түседі екен. Орын алып отырған жағдайдың басты себептері: бірыңғай әдістің болмауы және сатып алуларды жүзеге асыру барысындағы ашықтық деңгейінің төмендігі, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордағы компаниялар қызметіне қоғамдық бақылау тетігінің жоқтығы. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардағы тауларларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жергілікті сипатқа ие үлгілік ережелерге арқа сүйейтін өзіндік ережелердің негізінде жүзеге асырылады», - деді Алик Шпекбаев.
Айта кетерлігі, отырыс барысында ҚР Қаржы министрі бақыт Сұлтанов квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленгенін айтқан болатын.