«Заңнамадағы бұл жаңалшылдық биыл енгізілген болатын. Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектордың 12 субьектісінде қоғамдық кеңестер құрылды. Менде тізімі бар. Ұлттық компаниялардың ішінде Kazakh Invest, Қазақстан ғарыш сапары», KazakhExport, QazExpoCongress, «Қазгеология», «Азық-түлік корпорациясы», Kazakh Tourism, «ҚазАвтоЖол» және «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ бар. Сондай-ақ, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ, «Зерде» және Kazakhstan Engineering ұлттық компаниялары қоғамдық кеңестерін құрды», - деген министрлік өкілі жыл аяғына дейін тағы бірнеше квазимемлекеттік кәсіпорын жанынан осындай кеңес ашылатынын жеткізді.
«Жылдың аяғына дейін «Самұрық Қазына» қлттық әл-ауқат қорының жанынан қоғамдық кеңес ашылады. Оның да бірнеше ірі ұлттық компанияның біріктіретін құрылым екенін өздеріңіз білесіздер» - еді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов.