КВЕБЕК. EURONEWS – ҚазАқпарат – Квебек орталығында ортағасырлық үлгідегі костюм киген ер кісі адамдарға қылышпен шабуыл жасап, екі адамды жер жастандырды. Тағы бес тұрғын жаралы. Ол қанқұйлы әрекетін Хэллоуин мерекесі кезінде парламент ғимараты маңында жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Суыт хабар полицияға жергілікті уақыт бойынша 22:30-да түскен. Билік орталық аудандардағы жұртты үйінен шықпауға шақырды. Қылмыскерді ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Арада үш сағаттай уақыт өткенде ол ескі портта қолға түсті. Оны тексеру үшін ауруханаға алып кеткен. Таңға жуық полиция қаладағы ахуал тұрақтанғанын мәлім еткен.
Алдын ала болжам бойынша, шабуыл жасаушы адамның бұл әрекетіне жеке көзқарасы әсер еткен.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.