Вестернде басты рөлдерді Курт Рассел, Сэмюэл Л. Джексон, Тим Рот, Майкл Мэдсен, Дженнифер Джейсон Ли, Ченнинг Татум, Уолтон Гоггинс, т.б. актерлер сомдайды.
2014 жылдың басында фильмнің бастапқы сценарийі әлдекімдердің мұқиятсыздығынан көпшілікке тарап кеткен болатын. Бұған ренжіген Тарантино осыдан кейін "Жексұрын сегіздік" түсірілмейтінін жария етті. Бірақ жобаның дистрибьюторы Weinstein Company басшылығы оны фильмді түсіруге ақыры көндірді.
"Жексұрын сегіздік" туындысының премьерасы 2015 жылдың 25 желтоқсанына белгіленген.