КВИ-ден емделіп жатқан 373 адамның жағдайы ауыр - ДСМ
09:00, 03 Желтоқсан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 884 адам коронавирус инфекциясынан (–21 469+ және 3 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 199 пациент стационарда, 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 373 адамның жағдайы ауыр,
• 93 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.