КВИ: Емделіп жатқан 321 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 131 адам короновирус инфекциясынан (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 981 пациент стационарда, 15 150 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 321 адамның жағдайы ауыр;
• 75 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.