КВИ-ге қарсы вакциналар тиімді әрі аурудан қорғай алады - Қарағандының бас санитары

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Юрий Залыгин өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфир барысында аймақ тұрғындарын вакцина салдыруға шақырды. Ол тек осылай ғана қоғам коронавирусқа қарсы тұра алатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы аптада өңірде сырқаттану көрсеткіші 23,6% өсті.

30 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 38 039 жағдайы тіркелген.

Тек өткен тәулікте облыста 302 адам инфекция жұқтырған.

Сырқаттанушылықтың өсуі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларында және Ақтоғай, Жаңаарқа, Абай аудандарында байқалады.

«ДДСҰ мәліметтеріне сай, вакцина - коронавирусқа қарсы тұрудың тиімді әдісі болып қала береді. Оның ішінде дельта штамына да төтеп береді. Бі рақ вакцинация курсы толық аяқталған жағдайда ғана. Барлық қолданыстағы КВИ вакцинасы тиімді әрі аурудан қорғайды. Олар аурудың ауыр ағымы мен өлімнің алдын алуға көмектеседі. Мен облыс тұрғындарына вакцинацияға деген көзқарастарын қайта қарауларын ұсынамын және өзіңіз бен айналаңыздағыларды қорғауға шақырамын», – деді Юрий Залыгин.