ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте барлығы 4 799 авиажолаушы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 201 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 124 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 455 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 5 рейс, 630 жолаушы,
Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 198 жолаушы.
Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 191 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.