КВН жоғары лигасының жазғы кубогы алғаш рет Астанада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілетін ерекше шаралардың бірі ретінде - жыл сайын жаз айларында өткізілетін КТК (Көңілділер және тапқырлар клубы) кубогы болады.

Кубок алғаш рет Қазақстанның елордасында КТК жоғары лигасының соңғы жылдардағы чемпиондарының арасында өткізіледі.  Кешті үлкен Александр Масляков жүргізеді, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан.

«КТК-ның жазғы чемпионаты 2017 жылдың 1 шілдесінде өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. «Азия MIX» (Бішкек), «Камызяк өлкесінің» құрамасы, «Пятигорск» қаласы» командалары Астанада өзара сайысқа түседі, сондай-ақ, осы ойын үшін арнайы «KAZAХИ» КТК командасы қайта жиналады. Соңғы жылдардағы ең үздік чемпион командалардан басқа елордаға беделді қазылар алқасының тұрақты мүшелері де келеді.

КТК посткеңестік кеңістіктегі ең табысты әзіл-сықақ жобасы. Астанада КТК-2017 жазғы кубогын өткізу қала үшін де, мемлекет үшін де маңызды оқиға болмақ», делінген хабарламада.