Белгісіз адамдар мексикалық журналист Гумаро Перес Агиландоды баласының жаңа жылдық мерекесіне қатысу үшін мектепке келген кезде атып кеткен. Журналистің өліміне оқушылар мен ата-аналар куә болған. Оқиға Веракрус штатында тіркелді.
Перес жергілікті басылымдардың бірінде қылмыс тақырыбында жазатын журналист болып қызмет атқарған.