Жаңа редакцияға сәйкес, қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға сотпен келесі қылмыстық-құқық әсер ету шаралары қолдануы мүмкін:
- мүлкін тәркілеу;
- арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
- белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;
- шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу;
- кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасы;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Бұған дейін сот үкімімен кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлі түрде тәрбиелік ықпал ету және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылмайтын.