Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов хабарлады.
«ҚР ІІМ-нің Моңғолия Республикасы Баян Өлгей қаласының құқық қорғау органдары бірлесіп өткізген арнайы операцияның барысында Қазақстан Республикасының 33 жастағы азаматы Моңғолияда ұсталды. Ол 2001 жылдың маусым айында Ерейментау ауданының Өлеңті ауылында Ақмола облысы тұрғынының денсаулығына ауыр дәрежеде зардап келтіргені үшін іздестіруде жүрген»,-деді ресми өкіл.
Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, Шығыс Қазақстан облысының тергеу изоляторына қамауға алынды.