Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30-да Эдуард Тиль көшесіндегі Шарль Перро атындағы балабақшада болды. Қылмыскер 3-12 жас аралығындағы бірнеше баланы және ересектерді кепілдікке алды. Кейіннен балаларды босатты.
Кейбір мәліметтер бойынша, бұл балабақшадағы балалардың бірінің әкесі. Балабақша ғимараты қорщауға алынып, жақын жердегі үйлердің тұрғындары көшірілді. Полиция қылмыскермен келіссөздер жүргізе бастады.