деп хабарлайды Нұр-Астана газеті.
Травис А.Николайсен досының «Сені коптар іздеп жүр» деген ескертпесіне, «Иә, қашып құтылдым, рахмет бауырым» деп жауап жазған екен. Николайсен бес рет сотталған. «Оның ішінде отбасылық зорлық көрсету, тонау, суық қару ұрлау секілді ауыр қылмыстары бар», - дейді Вашингтон штатының полицейлері.
Николайсеннің бір досы оны полицейлерден сақтандырса, екіншісі уақыт өткізбей заң орындарының қолына берілу керегін айтып, ақыл қосыпты. Тағы бір досы «Сенің өмірің әлі алда ғой» деп оны мүсіркегендей болады. Николайсеннің фейсбуктегі парақшасында екі баласын көтеріп түскен фотосуреті бар.
Құқық қорғау органдары тарапынан арнайы бұйрық берілер болса оның осы желіге қалай кіріп жүргенін IP адресі мен GPS арқылы анықтау қиынға соқпайды. Полицейлер 19 мың ғана тұрғыны бар Порт-Анжелс қаласында Николайсеннің оп-оңай көзге түсіп қалуы ықтимал екенін жасырмайды. «Тұрғындарының саны аз қаладан қашып кету және үнемі жасырын жүру өте қиын шаруа. Оны көрген адамның дереу полицияға хабарлайтынына сенімдіміз», - дейді полиция қызметкері Брайан Смит.