Қылмыскер қарттар үйінде 3 адамды атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Киркерсвилл елді мекеніндегі (Огайо штаты, АҚШ) қарттар үйінде осы мекеменің екі қызметшісін және жергілікті полиция бөлімінің басшысын атып өлтірді.

Жергілікті полицияға көшеде қарулы адамның жүргені жайлы суыт хабар түскен соң тәртіп сақшылары тексеруге аттанған.

Артынша бұл жайлы радио арқылы хабарлаған ол күдіктіні көргенін айтып жатқан кезде байланыс күрт үзілген.

Соңынан полиция қызметкері қарттар үйінің ауласынан өлі күйінде табылды. Бұған қоса қылмыскер мекеменің екі қызметші әйелін о дүниеге аттандырған да өзін-өзі атып өлтірген.

Қаза тапқан полицей, 36 жастағы Эрик Дисарио үш апта бұрын ғана жұмысқа қабылданған көрінеді. Оның артында алты баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды.