«Қызметкерлер адамдарды ұстау кезінде, есірткі мен қаруды немесе ақшаны тәркілеу барысында өздерімен бірге бейне түсірілім жасайтын тіркегіштерді алып жүруі керек. Бұл өз кезегінде тәртіптің болуын реттейді. Барлық оқиға таспаға басылып жатқанын ескере отырып, кез келген құқық бұзушылыққа жол берілмейді. Осы заманауи технологиялар дамыған елдерде әрбір қызметкердің іс-қимылын көрсетеді», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда тергеу амалдарының электронды форматына көшу қажет.
«Онлайн режімде электронды қылмыстық іс кез келген заң бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Осындай істерді сейфке тығып тастауға мүмкін емес. Барлығы ашық әрі нақты түрде іске асырылады. Ұсыныстар көптеп түсуде. Қазіргі кезде бұл жұмыстарды арнайы құрылған топ пысықтап жатыр. Сәуір айында заңнамалық түзетулердің бірінші пакетін ұсынамыз»,-деп нақтылады Кененбаев.