Оның хабарлауынша, аталған қор кінәлі азматтардан өндірілген ақшамен толықтырылады. Бәлкім, оған жеке меншікті тәркілеу шаралары да бағытталады. «Әрине, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, осы іспетті қорлардың ақшасы зардап шеккен барлық азматтарға жетпей жатады. Сондықтан біз қазақстандық қорды құруға қатысты заң жобасында, алдымен, асыраушысынан айырылған және жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға көмек беруді көздейміз. Заң жобасын талқылау барысында оның барлығы қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін», - дейді И.Меркель.
15:22, 18 Желтоқсан 2013
Қылмыстардан зардап шеккендерге көмек беру қоры құрылуы мүмкін
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Болашақта сан алуан қылмыстар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек берудің арнайы қорын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай айтты.