13:43, 06 Сәуір 2009
Қылмыстық әлемнің белсендісі Серік - «голова» ұсталды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Алматы облысында Криминалды полиция қызметкерлері қылмыстық әлемнің белсендісі Серік - «голованы» ұстады.
Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сәуірдің 4-і күні ІІМ Криминалдық полиция комитеті Алматы облыстық және Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысындағы Фабричный кентінен 15 шақырым жерде, жайлаудан бұрын бірнеше рет сотталған 1965 жылғы Серік Жаманаевты құрықтады. Ұстау кезінде ол және оның оққағары полицейлерге қарсылық көрсеткен. Тінту барысында С. Жаманаевтан 2 граммға жуық героин табылған. Қазір оған суық қару, есірткі заттарын сақтады деген айыптар тағылуда. Сонымен қатар оның 2007 жылы журналист Оралғайша Омаршанованың хабар-ошарсыз жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін деген күдік келтірілуде.