анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңын қабылдады.
Аталған конвенцияға 1990 жылғы 8 қарашада Страсбургте қол қойылған болатын. Бүгінгі күні конвенцияға 48-ден астам мемлекет қосылды. Олардың ішінде Австрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Швейцария, Кипр, Молдова, Ресей, Түркия секілді мемлекеттер бар. «Конвенцияда қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте конвенция заңсыз табыстарды жылыстатуға қарсы күрес бойынша тиімді тетіктерді ұсынып, бұндай қылмыстарды анықтау мен алу, тәркілеу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Қазақстанның конвенцияға қосылуы құқық қорғау органдарына тәркілеуге жататын мүліктерді анықтау мен алу барысында өздерінің мүмкіндіктерін кеңейте түсуге септігін тигізеді. Бұндай мүліктермен болатын кез келген операциялардың алдын алуға жағдай жасап, оларды тәркілеуді қарастырады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Андрей Лукин. Оның айтуынша, құжат күдікті мәмілелер немесе төлемдерді бақылауға қосымша мүмкіндіктерді қарастырады. Осының өзі қаржы ағымдарының ашықтығын қамтып, экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырады. «Көлеңкелі экономиканың» деңгейін төмендетуге де жәрдем береді.
Конвенцияға қосылған мемлекеттер сәйкес құралдары мен табыстарын тәркілеу мақсатында тергеулер жүргізу мен сотта іс қарауда бір-бірімен барынша мүмкін болатын дәрежеде ынтымақтастық жасайды.
Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.