12:15, 16 Маусым 2009
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Іздеу» республикалық операциясын өткізуде
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемесінде дүйсенбіден бастап «Іздеу» операциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маусымның 25-іне дейін созылатын бұл шараның негізгі мақсаты ? түзету орындарындағы оперативтік жағдайды сауықтыру, сотталғандардың қашу талпыныстарының жолын кесу, сондай-ақ іздеу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру жөніндегі әділет және ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрықтарын жүзеге асыру болып отыр. «Іздеу» операциясы кезеңіндегі ұйымдастыру мәселелерін толық және дер кезінде шешу үшін Комитетте жедел штаб құрылды. Осындай штабтар комитеттің аймақтық басқармаларында да ұйымдастырылды. Комитет қызметкерлерінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режіміне ауыстырылды