Қылмыстық-атқару жүйесі шенеуніктерінің сотталушылардан пара алу дерегі әшкереленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтады, нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғалар әшкереленді.

Сонымен, жазасын өтеушіге жаза бөлігін жұмсартуға жәрдемдесіп, делдал арқылы жалпы сомасы 250 мыңнан астам материалдық құндылық түрінде пара алғаны үшін ШҚО ҚАЖД ОВ 156/16 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі С. Салтабаев әшкереленді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға ҚР ҚК 128-бабы бойынша ұсталып, Семей қаласы ІІБ УҰИ-ға қамалды.

С. Салтабаевқа қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы қабылданды.

Бұдан басқа, Ақтөбе қаласы КА-168/3 мекемесі бастығының  режім және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары әділет майоры К. Алпысбеков ұсталды, ол жазасын өтеушіден басқа жазасын өтеушіні сотталушыларды ұстау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатқаны үшін 50 мың теңге  пара алған.

Соталды тергеу жүргізілуде.