Комитеттің мәжіліс залында әр жылдары еліміздің пенитенциарлық жүйесінде еңбек еткен 40 шақты ардагер әйелдер жиналды. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екі жесірі бар, тағы екі әйел соғысқа қатысушыларға теңестірілгендер.
Комитет басшылығы мен Ардагерлер кеңесі жиналған қауымды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық және бақуаттылық тіледі. Барлық ардагерге сондай-ақ, материалдық көмектер көрсетілді. Ал шара соңында мерекелік дастархан жайылды, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.