Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде «Құқық тәртібі» операциясы басталды

АСТАНА. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бүгіннен бастап «Құқық тәртібі» операциясы басталды,

деп     хабарлады    Қылмыстық-атқару  жүйесі комитеті өзінің баспасөз  баянында.

 Бұл шараның  негізгі мақсаты - түзету  орындарындағы  жедел жағдайды сауықтыру,    сотталғандардың арасындағы  құқық  бұзушылықтар  мен   қылмыстардың   алдын  алу, сондай-ақ   тыйым  салынған    заттардың,  оның ішінде есірткі заттарының  түзету мекемелеріне әкеліну арналарын    жою.