«Қылмыстық беделді» кәсіпкер әйелді қорқытып, жарты миллион теңге ақша төлетті – Павлодар

None
ПАВЛОДАР. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында кәсіпкер әйелді қорқыту және бопсалау жолымен оған 500 мың теңге төлеткен «қылмыстық беделді» ұсталды,

деп хабарлады ІІД-нің ҰҚҚБ бастығының орынбасары Талғат Ешімов.

 Тапаншамен қаруланған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі оған 200 мың теңге көлеміндегі кезекті соманы беру кезінде ұсталды.

 Аса үлкен көлемдегі ұрлау күдігімен ҰҚТ-ның тағы бір мүшесі қолға түсірілді. Жеке кәсіпкердің мөрін алған алаяқ оның банктегі жеке шотынан бүкіл ақшасын сыпырып кеткен.

 Ұсталған азаматтардың бұдан өзге де осындай  қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.