Қылмыстық іс материалдарын бұрмалауға күдікті танылған Қарағанды облыстық ІІД-нің ҰҚҚКБ бастығының орынбасары қамауға алынды
20:55, 24 Қаңтар 2013
ҚАРАҒАНДЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қылмыстық іс материалдарын бұрмалауға күдікті танылған Қарағанды облыстық ІІД-нің ҰҚҚКБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кенжетай Атағұловқа сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын тағайындады.
«К.Атағұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады Қарағандының Қазыбек би атындағы сотынан.
Полицей қамауға алуды әділетсіз деп есептейді. «Мен қоғамнан тыс ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шарасының тағайындалуын күттім», - деп мәлімдеді К.Атағұлов журналистерге сотта шешім жарияланған соң.
Бұрын хабарланғандай, облыстық прокуратура қылмыстық іс материалдарын бұрмалау фактісі бойынша қылмыстық істі қозғады. Бұл ретте мәселе бес жыл бұрын болған іс туралы болуда. 22 қаңтар күні полицейді Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасына күдікті ретінде түсінік беру үшін шақыртып, сол жерде ұстады.