ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, Кодекс жобасының жаңа редакциясының мақсаты сот өндірісінің тиімділігін арттыру, оның жеделдігін, оңтайлылығын қамтамасыз ету және іс жүргізу уақытын үнемдеу болып табылады. «Осыған байланысты сот судьяларының бірқатар өкілеттіктерін кеңейту, түрмедегілер индексін төмендету көзделеді. Осының бәрі жиынтығында халықтың құқық қорғау органдарының жұмысына сенімділік деңгейін арттыруы қажет», - деді И. Меркель. Оның сөзіне қарағанда, кодекс жобасымен жұмыс барысында Эстония, Литва, Латвия, Түркия, Грузия, Ресей мен Украина елдерінің құрлықтық құқық тәжірибелері кеңінен пысықталып, оңтайлы нұсқалары енгізілген. «Оның ішінде атап айтқанда қылмыстық істі қозғау сатыларынан бас тарту көзделеді. Бұл ретте сотқа дейінгі өндіріс бастауы болып қылмысқа қатысты арыздың тіркелуі не болмаса алғашқы шұғыл тергеу әрекеттері қарастырылады. Бүгінгі күні қылмыстық істі қозғамас бұрын тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүзеге асады. Бұл ретте азаматқа немесе кәсіпкерге осы сатыда ешқандай кепіл де, соның ішінде қорғау шаралары да қарастырылмаған болатын», - дейді И. Меркель.