ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, «дөңгелек үстел» жұмысына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, Парламент палаталарының депутаттары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, адвокаттық қауымдастықтың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар қатысады деп күтілуде.
16:01, 01 Маусым 2011
Қылмыстық іс жүргізуді реформалауды талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 3 маусымында Алматы қаласында «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтеді.