Бұл туралы бүгін Ақбұлақ курортында өтіп жатқан "Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету" деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
"Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің дамуында Еуропа елдері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыпты сот-құқық жүйесін қалыптастыру жолын іздеуде. Соның нәтижесіндебірқатар елдер классикалық англо-саксон құқықтық жүйесі моделін негізге алды. Ал бұрынғы кеңестік республикалар мен Германия, Франция сияқты кейбір елдер германдық жүйе бағытында жүріп келе жатыр. Бұл өзгенің жолын көзсіз көшіру дегенді білдірмейді", - дейді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков.
Оның айтуынша, қылмыстық істер бойынша іс жүргізуде негізгі мәселе адам құқығының бұзылмауы. Сот үкімі шықпай жатып ешкім де айыпты деп танылмайды. Ол қылмыстық іс жүргізуде бүкіл әлемге ортақ құқықтық қағида. Өкінішке орай, оны кейбір жағдайда БАҚ өкілдері мен жекелеген азаматтар естен шығарып алып жатады. Мұндай жәйттің шет елдерде орын алып жататынын бүгінгі конференциядағы талқылау кезінде еуропалық сарапшылар да тілге тиек етті.