Қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топ саласындағы сарапшылар Мәскеудегі мәжілісте бас қосады
08:07, 21 Қыркүйек 2010
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қыркүйектің 23-і күні Мәскеуде Қылмыстық кірісті заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы Еуразиялық топ (ЕАГ) бастамасымен,
«Кірістерді заңдастыру мен лаңкестік қаржыландыру жөніндегі ұлттық жүйелерді жетілдіру мен қалыптастыру үдерісіндегі ғылым мен білім берудің рөлі» атты І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
«Бұл реттеуші және басқа да мемлекеттік органдар, ғылыми топтар мен қаржылық сарапшылық ұйымдар өкілдерінің ынтымақтастық бағыттарын таңдап алуы мен ашық сұхбат алаңын орнату үшін тамаша мүмкіндік», деп аталып өтілген ЕАГ баспасөз қызметінің ақпаратында.
Мәжіліс бағадарламасында ЕАГ-ға мүше мемлекеттер сарапшылары мен аймақтағы алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми-тәжірибелік институттардың баяндамалары оқылады.