Еске салсақ, отырыста Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясы талқыланған болатын. Бас прокурор орынбасарының айтуынша, жалпы кодекс жобасымен 171 қылмыстық әрекет қарастырылып отыр. Оның 58-і Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің құрамынан ауыстырылса, 9-ы жаңа нормалар, 104-і ауыр емес қылмыс құрамынан алынып отыр. «Бұндай бағыттағы қылмыстық әрекеттерге қатысты институттың тиімділігі әлемдік тәжірибеде бар», - дейді Бас прокурор орынбасары. Оның сөзіне қарағанда, жалпы қылмыстық әрекеттерге негізінен деңгейі жағынан қоғамдық қауіпсіздік пен әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстар арасындағы құқық бұзушылықтар жатады. «Қылмыстық әрекеттерге жеңіл жазалардың кең шоғыры қарастырылады. Бұнда ең бірінші кезекте қоғамдық түзеу жұмыстарын тағайындау да көзделіп отыр», - дейді И. Меркель.
12:01, 14 Қаңтар 2014
Қылмыстық кодекс жобасында 171 қылмыстық әрекеттерге жеңіл жазалар тағайындалып отыр
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясында 171 қылмыстық әрекет бойынша жеңілдетілген жазалар тағайындалып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.