Қылмыстық кодекстің жаңа жобасы әзірленуде

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі Қылмыстық кодекстің жаңа жобасын әзірлеуде. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы: нақты жағдайлар және проблемалар» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында

Сенат төрағасының орынбасары Александр Судьин осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі Қылмыстық кодекстің және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Менің ойымша, қылмыстың жаңа субъектілерін осы жобаға енгізген орынды. Бұл ретте заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселесін де осы шеңберде қамтыған орынды», - дейді А. Судьин.

Оның айтуынша, заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығына қатысты жаңа нормаларды әзірленіп жатқан жобада қамтудың тиімділігі де зор болмақ. Сондай-ақ, сенатор заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын қамтитын заң жобасына тоқтай келе, Қазақстанның заңнамаларында ондай азаматтық және әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын әлеуеттің әлі де сарқылмағанын атап өтті.