«Биыл бірінші жартыжылдықта прокурорлардың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттеріне немесе олардың керісінше, әрекет етпеуіне қатысты тергеу соттарына 1227 шағым келіп түсті. Олардың үштен бірі тергеушінің әрекетіне қатысты болса, бестен бір бөлігі прокурордың іс-қимылына байланысты болғаны анықталып отыр. Жалпы, 734 шағым қаралды, ол барлық шағымның 59,8 пайызын құрайды. Толықтай немесе ішінара 231 шағым қанағаттандырылды. Процессуалдық шешімдердің әрбір жетіншісі заңсыз болатыны анықталды және белгіленді. Лауазымды тұлғаның әрбір екінші шағымы заңсыз», - деді А.Рахметулин.
Оның айтуынша, шағым түсіргендердің басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларының, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының тұрғындары.